«Мен қазақ қыздарына қайран қалам!»

Бөлісу

 

2025 жылдың 4-ші наурызда Жамбыл жоғары медициналық колледжінің студенттерімен  «Анаға тағзым» отбасылық қолдау орталығында «Мен қазақ қыздарына қайран қалам!» тақырыбында форумға шақырылды. Форумға елге белгілі, түрлі салада өз орны бар нәзік жандылар шақырылды. Олар білім алу, өзін-өзі дамыту, қиындықтарды жеңу жолдары туралы құнды пікірлерін ортаға салып, жаңа идеяларымен алмасып, болашаққа деген сенімін нығайтты.

Форумның негізгі мақсаты: заманауи қазақ қыздарының жетістіктерін насихаттау, оларға рухани қолдау көрсету және жастарға бағыт-бағдар беру.

Жауаптылар: А.А.Буксукбаева, А.Н.Оскенбаева.