Салалық қауымдастықтар мен кәсіптік білім беру ұйымдарының одағының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігі күніне арналған «Мен – кәсіпкермін» Республикалық Гранд турниріне Жамбыл жоғары медициналық колледжінің студенттері А.Намазбаева, А.Қуандық, М.Есіркепова белсене қатысқаны үшін Мадақтамамен марапатталды, жетекшісі: А.К.Құдайбергенова.
Сондай-ақ, колледж командасының белсенді қатысуын ұйымдастырғаны үшін колледж директоры Ж.Н.Сарыбекова Алғыс хатпен марапатталды.