«Мен өмірге құштармын»

Без рубрики
Бөлісу

Инклюзивті білім беру бағдарламасының аясында мүмкіндігі шектеулі өнерлі жастар мен студенттер арасында рухани байланыс орната отырып, олардың бойындағы қабілеттері мен таланттарын жарыққа шығару мақсатында өткізілген облыстық «Мен өмірге құштармын» атты әлеуметтік жобасына Жамбыл жоғары медициналық колледжінің 2 курс студенті Смайл Бахтияр 208 М-9/23 топ және Құдиярбек Әсем 310 ЕФ/9/21 топ студенттері қатысып жүлделі 2-орын және алғыс хатпен марапатталды. Жүлде қоры 50.000 теңгені құрады. Жетекшісі: Буксукбаева Айман Ануарбекқызы.