Халықаралық отбасы күніне орай және салауатты өмір салтын қалыптастыру бағыты бойынша 15 мамыр 2025 жылы колледждің спорт алаңында “Менің отбасым салауатты өмір салтын ұстанады” атты отбасылық эстафеталық жарыс ұйымдастырылып өткізілді.
Отбасылық эстафеталық жарысқа төрт отбасынан құралған “Бақыт ” , “Бірлік”, “Өнерлі отбасы” және “Мерейлі отбасы” командалары қатысып, өз өнерлерін көрсетіп, өзара сайысқа түсті.
– “Бірлік” және “Бақыт ” командалары ІІІ орын;
– “Өнерлі отбасы” командасы ІІ орын;
– “Мерейлі отбасы” командасы І орын иеленіп, студенттер кәсіподақ ұйымы ұсынған бағалы сыйлықтармен және дипломмен марапатталды.