“Менің отбасым салауатты өмірді жақтайды” атты отбасылық эстафеталық жарыс ұйымдастырылып өткізілді.

Без рубрики
Бөлісу

Халықаралық отбасы күніне орай және салауатты өмір салтын қалыптастыру бағыты бойынша 17 мамыр 2024 жылы колледждің спорт алаңында “Менің отбасым салауатты өмірді жақтайды” атты отбасылық эстафеталық жарыс ұйымдастырылып өткізілді.
Жарыстың мақсаты:
– ата-аналар мен балалар арасында салауатты өмір салтын насихаттау;
– ⁠отбасы мүшелері арасындағы қарым-қатынасты нығайту.
Жарысқа “Емдеу ісі”, “Мейіргер ісі” бөлімінің (І курс) ата-аналары және студенттері қатысты.
Отбасылық эстафеталық жарысқа бес отбасынан құралған командалар қатысып, өз өнерлерін көрсетіп, өзара сайысқа түсті.
Жарыстың қорытындысы бойынша, “Атамекен” және “Өнегелі отбасы” командалары “Белсенділік танытқаны үшін” номинациясымен, “Бақытты отбасы” командасының мүшесі Коктанов Ержан (әке) “Белсенділік танытқаны үшін” номинациясымен марапатталды. “Бірлік” командасы І орынды, “Мейірімді отбасы” командасы ІІ орын және “Бақытты отбасы” командасы ІІІ орынды иеленіп, студенттер кәсіподақ ұйымы ұсынған бағалы сыйлықтармен және дипломмен марапатталды.
Жарысты ұйымдастырушылар: 1. №3 жалпы білім беру және жалпы ізгілендіру пәндер ЦӘК.
2. “Емдеу ісі”, “Мейіргер ісі” бөлімі (І курс).