«Миометрияның тонусы мен жиырылу белсенділігіне әсер ететін дәрілер»

Без рубрики
Бөлісу

06.06.2024 ж. күні Жамбыл жоғары медициналық колледжінің №2 Жалпы кәсіптік пәндер циклдық әдістемелік комиссиясының оқытушысы Асанова Ұ.Х. «Мейіргер ісінің қолданбалы бакалавры» 136 ҚБ-11/23 тобымен, «Фармакология, фармакотерапия және медициналық калькуляция» пәнінен «Миометрияның тонусы мен жиырылу белсенділігіне әсер ететін дәрілер» тақырыбы бойынша сынамалы сабақ өткізді.
Сабақтың мақсаты: Миометрияға әсер ететін дәрілер туралы жалпы түсінік беру, олардың жіктелуі, препараттары, әсері, қолданылуы, қолдануға қарсы көрсеткіштері, жағымсыз әсерлерімен таныстыру, медициналық практикада қолдануға арналған препараттарды ұтымды және тиімді таңдауды, берілген препараттардың рецептте жазылуын, оқылуын үйрету.