Күні: 20.12.2023ж
Жамбыл жоғары медициналық колледжінде суицидтің алдын алу мақсатында колледж психологы К.Сүйінбекұлы 2-курс студенттері арасында «Өмірдің мәні….» атты тренингтік сабақ өткізді. Сабақ барысында суицидтің алдын алу және қиын жағдайлардан қалай шығу керектігі туралы сөз қозғалып, тренингтік жағдаяттар беріліп, оны шешуге және қоғамдағы түрлі жағдайларды дұрыс қабылдап, оң шешім шығаруға бағыт көрсетті. Тренинг барысында видеоролик көрсетіліп, студенттермен етене жақын ойындар ойнатылды.