«Өмірге салауатты қадам»

Бөлісу

 

31.03.2025ж. Жамбыл жоғары медициналық колледжінде салауатты өмір салтын қалыптастыру және нашақорлықтың алдын алу мақсатында тәрбие бөлімі, салауатты өмір салтын қалыптастыру жетекшісі Тулегенова У.Б. және наркобекет жетекшісі Реймбаева С.М. ұйымдастыруымен жасөспірімдер арасында синтетикалық есірткінің (интернет-ресурстары арқылы) таралуының алдын алу бойынша «Өмірге салауатты қадам» тақырыбында мамандармен кездесу өткізілді.

Кездесуге келген мамандар:

1.Жамбыл облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының аға жедел уәкілі полиция майоры Каукешова Айгерім Асанқызы.

2. Тараз Жастар ресурстық орталығының жастар ісі жөніндегі маманы Бикенова Құралай Алпысбайқызы

Кездесу барысында қатысушыларға қазіргі таңда синтетикалық есірткіні заңсыз жарнамалау белең алғандығы атап өтілді. Графикалық сурет арқылы және қазіргі өзге де жолдармен нашақорлық пен есірткіні заңсыз жарнамалау, сонымен қатар пайдалануға заңмен қарсы күрес жолдары, жазалану түрлері түсіндірілді. Студенттер көкейлерінде жүрген сұрақтарына толык жауап алды.

Жауапты: Реймбаева С.М. – Наркопост  жетекшісі

Тулегенова У.Б. – Салауатты өмір салтын қалыптастыру жетекшісі