«Өмірлік дағдылар»

Без рубрики
Бөлісу

21.12.2023 ж.
Жамбыл жоғары медициналық колледжінде «Психология және коммуникативтік дағдылар» пәні бойынша тәжірибелік сабақтарында студенттерге медицина персоналының қызметінде кездесетін коммуникативтік үрдістер және дағдыларды кеңінен білу үшін, сабаққа өңірімізге медицина саласында көптеген жылдар еңбегі сіңген жандармен кездесу ұйымдастырылады. Кездесу «Өмірлік дағдылар» атты ашық сұхбат алаңымен жүзеге асады. Сұхбат алаңының 21- желтоқсандағы қонағы «SENIM» Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы» РҚБ Жамбыл облыстық филиалынын төрайымы Момбекова Гүлмайра Асанқызы келіп, ашық алаңда сұхбат берді. Гүлмайра Асанқызы денсаулық сактаудағы кызметкердің қандай болуы керектігі турасында ашып айтып, студенттерге болашақ мамандықтарына адал қызмет етудің қандай бақыт екендігі турасында ой бөлісіп, студенттер тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді. Сұхбатты пән оқытушысы К.Сүйінбекұлы жүргізді. Студиялық сабаққа колледждің офис – тіркеуші басшысы С.Г.Бибосынова қатысты.