08.02.2025 ж.
Жамбыл жоғары медициналық колледжінде «Психология және коммуникативтік дағдылар» пәні бойынша тәжірибелік сабақтарында студенттерге медицина персоналының қызметінде кездесетін коммуникативтік үрдістер және дағдыларды кеңінен білу үшін, сабаққа өңірімізге медицина саласында көптеген жылдар еңбегі сіңген жандармен кездесу ұйымдастырылады. Кездесу «Өмірлік дағдылар» атты ашық сұхбат алаңымен жүзеге асады. Сұхбат алаңының 8-ақпандағы қонағы Жамбыл облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының уақытша міндетін атқарушы, дәрігер хирург Ерік Мұсабаев келіп, ашық алаңда сұхбат берді. Ерік Мұсабаев денсаулық сақтаудағы кызметкердің қандай болуы керектігі турасында ашып айтып, студенттерге болашақ мамандықтарына адал қызмет етудің қандай бақыт екендігі турасында ой бөлісіп, студенттер тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді. Сұхбатты пән оқытушысы К.Сүйінбекұлы жүргізді. Студиялық сабаққа Жастар ісі жөніндегі инспектор Т.Алмазқызы жауап берді.