23.10.2018 жылы «Құқық бұзушылықтың алдын алу» айлығы аясында, 1 курс студенттері, ұлдардың құқық бұзушылыққа бой алдырмау, алдын алу және полиция қызметкерлерінің жұмыстарымен танысу мақсатында, құқық бұзушылықтың алдын алу жұмысының меңгерушісі Р. Усеновтың ұйымдастыруымен Жамбыл облыстық ішкі істер департаментінің мұражайына департамент бастығы, полиция полковнигі Оразалиев Арман Молдиярұлының рұқсатымен барып қайтты. Мұражай басшысы Зияутдинова Гульчехра Юсуповна колледж студенттеріне халық қаhарманы Ғ. Байтасовтың ерлігі туралы және т.б. көптеген мағлұматтар беріп, бейнеролик көрсетіп, құқық бұзушылыққа жол бермеу, қылмыстың түбі жаза екендігін айтып, жеткіншектерді бұзақылық жасамауға шақырды.