«Нашақорлыққа қарсымыз»

Без рубрики
Бөлісу

30.05.2023 жылы жамбыл жоғары медициналық колледжінде 123 ЕФ-9/22 тобымен «Нашақорлыққа қарсымыз» тақырыбындағы акция өткізілді.
Акцияға колледж мұғалімдері мен студентері, «Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы Жамбыл облыстық психикалық денсаулық орталығынан» арнайы мамандан және Жамбыл облыстық ІІД арнайы мамандар қатысты.
Акцияның мақсаты: Оқушының бойында салауатты өмір салтын берік қалыптастыру, жеке тұлғаның санасын дамыту, денсаулығын сақтау білуге үйрету, зиянды нәрселерден аулақ болуға тәрбиелеу, нашақорлықтың алдын алу.Есірткі заттарының, ішімдік ішу мен темекі тартудың, нашақорлықтың жас ағзаға тигізер зиянды әсері, өкінішке ұрындырар, келешек өмірлеріне келтірер кесапаты туралы түсінік беру. Ғасыр дертіне айналып отырған кеселдің залалын жан – жақты меңгерту.
Зиянды әдеттерден аулақ болып, өзін де, өзгені де зиянды әдеттердің қасіретінен қорғай білуге, салауатты өмір сүруге тәрбиелеу. Нашақорлықтың алдын алу.
Оқушылардың бойында салауатты өмір салтын берік қалыптастыру, жеке тұлғаның санасын дамыту, өмірге деген көзқарастарын қалыптастыру.