11.02.2026ж. 102М-9/25, 115ЕФ-9/25 топтарымен «Нашақорлық – індет, алдын алу» тақырыбында кураторлық сағат өткізілді. Мақсаты – білім алушыларға нашақорлықтың адам денсаулығына, психикасына және қоғамға тигізетін зиянын түсіндіру, салауатты өмір салтын насихаттау.
Іс-шара барысында есірткінің түрлері, оның ағзаға әсері, тәуелділіктің пайда болу себептері мен салдары туралы мәліметтер берілді, бейнеролик көрсетілді, студенттер ойын айтып, пікір алмасты.
Жауапты куратор: Махмұд А.Р.
#АдалАзамат

