Наурыз-2026 жыл. Мерекелік іс-шара.

Бөлісу

21.03. 2026 ж. Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы мен Жамбыл жоғары медициналық колледжінің ұйымдастыруымен №7 киіз үй «Денсаулық –зор байлық» тақырыбында Наурыз мерекесіне орай мерекелік іс-шара өткізді. Киіз үй – қазақ халқының дәстүрлі баспанасы ғана емес, ұлттық құндылықтар мен тәрбие ордасы. «Денсаулық – зор байлық» тақырыбын заманауи тәсілмен түсіндіру үшін жасанды интеллект мүмкіндіктері қолданылды. Жасанды интеллект арқылы денсаулықтың маңызы, дұрыс тамақтану және салауатты өмір салты туралы ақпараттар қызықты әрі түсінікті түрде ұсынылды. Жасанды интеллектке негізделген қосымшалар арқылы киіз үй ішінде VR/AR, Ақылды веб-сайт , 3D көзілдірігі, роботтар, 3D принтерлер қолданылды. Ақылды веб-сайт (чат-бот) сұрақ қойып, жедел жауап алады, денсаулыққа қатысты кеңестер айтылды, 3D адам ағзасын VR арқылы зерттеу , көру жасанды интеллект әр адамның жас ерекшелігіне қарай жеке ұсыныстар берілді. Көру (Computer Vision), смартфон көзілдірік арқылы , ақылды көзілдірік (Smart Glasses)
Ақылды көзілдірік —кеңейтілген шындық (AR), хабарламаларды көру сияқты функцияларды орындай алады., 3D принтерлер арқылы медицинада , анатомиялық модельдер жасау және адамның мүшелерінің дәл көшірмесін жасауға болады: Жүрек, ми, сүйектер, бұлшықеттер , науқастың нақты КТ немесе МРТ деректерінен алынған модельдер, анатомияны тереңірек түсінуге көмектеседі. Робот медицинада адам өмірін сақтауда және емдеуді жақсартуда үлкен рөл атқарады. Дәстүрлі киіз үй кеңістігінде заманауи технологияны пайдалану – ұлттық құндылықтар мен инновацияны ұштастырып, өскелең ұрпаққа денсаулықтың маңызы туралы ақпараттар берілді. Киіз үй маңында №7 Қалалық емхана мейіргерлері қала тұрғындарына алғашқы көмек шараларын ұсынды.