Наурыз мерекесі- бейбітшілік пен игіліктің бастауы

Без рубрики
Бөлісу

Мақсаты: тәлім- тәрбиеге, үлгі-өнегеге, әдептілікке, бауырмалдыққа баулу.

  1. 03. 2019 ж. Жамбыл медициналық колледжінің «Coworking» оқу орталығында Наурыз мерекесіне орай «Наурыз мерекесі- бейбітшілік пен игіліктің бастауы» тақырыбында іс-шара өткізілді. Библиограф Ералиева М. наурыз туралы мағлұмат айтып өтті. Қалдыбаева Наргиза наурыз туралы өлең оқып, студенттер өз ойларын қосты. Көрісу туралы кітапханашы Маликаждарова К. баяндап берді. Смағұлов Бағдат көрісу туралы өз ойын жеткізді. Наурыз мейрамына және  көрісу күніне шағын бейне-фильмдер көрсетілді. Көрме таныстырылды.

Қатысушылар: 101 топ студенттері

Наурыз мейрамы күн мен түн тепе-теңдікке келген сәттен бастап тойланады. Наурыз мерекесінде көпшілік бұлақтардың көзін ашып, тал егіп, игілікті жұмыстар атқарады. Бұл кезде мал төлдеп, жер көктеп, дүние жаңара бастайды. Сондықтан да наурыз тойын «тепе-теңдік», «игілік», «жаңару» мейрамы деп атайды.

Көрісу- ынтымақ пен берекенің, татулық  пен тағылымның көрінісі іспетті. Көрісу күнінде халық қыстан аман-есен шыққанына қуанып, бір-бірімен қол алысады.