“Нұр себеле, Ұлыстың ұлы күні”

Без рубрики
Бөлісу

21.03.2021 ж. Наурыз мерекесіне орай, “Нұр себеле, Ұлыстың ұлы күні” тақырыбында Жамбыл жоғары медициналық колледж қызметкерлері мен колледж аумағындағы тұрғындарға арнап мерекелік іс-шара өткізді. Іс-шараға Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Нығмашев Берік Болатұлы қонақ болып, колледж тынысымен танысып, қызметкерлер мен тұрғындарға мерекелік құттықтауын жолдады. Мереке барысында ұлттық ойындар ойнатылып, Наурыз көже, бауырсақ таратылып, өз жалғасын тапты.