«Оқуға құштар колледж»

Без рубрики
Бөлісу

27.10.2023 жылы «Оқуға құштар колледж» тұжырымдамасы аясында Мұхтар Әуезовтың «Абай жолы» роман – эпопеясына 75 жыл толуына байланысты әдеби – аукцион өткізілді. Мұхтар Омарханұлы Әуезовтің өмірі және шығармашылығымен, Абай жолы роман – эпопеясымен таныстырылды. Студенттерді ұлылардың өмірінен үлгі алуға баулу, шығармашылық танымдарын толықтыру. Жас буынды Абай шығармаларын оқу арқылы адамгершілікке, имандылыққа, парасаттылыққа, адалдыққа, еңбексүйгіштікке, ұлтжандылыққа, білімділікке, нәзік те адал сезім – махаббатты аялай, қастерлей білуге тәрбиелеу.
Қазақтың ұлы ақыны Абайдың өмірі мен шығармашылығы туралы білімдерін жетілдіріп, пысықтай отырып, іс жүзінде көрсету, және қатысушылардың арасынан «Абай жолы» роман – эпопеясынан алынған сұрақтар қойылып, дұрыс жауап бергендерге сыйлықтар берілді.
Іс- шараны ұйымдастырған Жамбыл жоғары медициналық колледжінің кітапханашылары. Қатысқандар колледжіміздің 1 және 2 курс студенттері.