22.09.2023 ж. Жамбыл жоғары медициналық колледжінде «Оқу мен тәрбие-егіз» тақырыбында ата-аналар жиналысы өтті. Жиналыстың мақсаты: бала тәрбиесіндегі ата-ананың алатын орны, отбасы мүшелерінің арасындағы сыйластық қарым-қатынастарын дамыту, білім мекемесі мен ата-аналар арасындағы үйлесімділік пен жауапкершілікті күшейту. Жиналыста қаралған мәселелер:
1. Колледждің оқу-тәрбие жұмысы туралы.
2. Колледжде атқарылып жатқан құқық бұзушылықтың алдын-алу жұмыстары туралы.
3. Әр түрлі мәселелер.
Жиналысты Жамбыл жоғары медициналық колледжінің директоры Ж.Сарыбекова ашып, колледж тарихы мен материалдық-техникалық базасымен таныстырды. Ата-аналарға оқу процесі мен тәжірибелік дағдылар бойынша директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Л.Қуанышбекова және директордың оқу-өндірістік ісі жөніндегі орынбасары Қ.Андакулова мәлімет берсе, жиналыс қонақтары: Тараз қаласы ПБ 1-ПБ ЖПҚБ ЮПБ аға УПИ полиция майоры Зәбір Баян Тасболатқызы және полиция капитаны Узенбаева Назира Аскаровна Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы және Қылмыстық Кодекспен таныстырып, түсіндірме жұмыстарын жүргізді.