«Оқытудың инновациялық- технологиялық әдіс-тәсілдерін клиникалық пәндерде қолдану»

Без рубрики
Бөлісу

26.05.2023ж. Жамбыл жоғары медициналық колледжінің №1 арнайы пәндер циклдық әдістемелік комиссиясының «Ішкі аурулар пропедевтикасы» пәнінің тәжірибелі оқытушысы Б.С.Мадимарова «Оқытудың инновациялық- технологиялық әдіс-тәсілдерін клиникалық пәндерде қолдану» тақырыбында тәжірибе алмасу өткізді. Тәжірибе алмасу барысында оқытушы жылдар бойы жинаған оқу материалдарымен, шығарған оқулықтарымен бөлісті, болашақ жас мамандарға жеткен жетістіктерін көрсетіп, таныстырды.
Тәжірибе алмасудың мақсаты:
– инновациялық білім беру ортасын қалыптастыру бойынша оқытушылар
арасында тәжірибе алмасу;
– білім беру технологиялары саласында оқытушылардың біліктілігін арттыру;
– оқытушының жетістіктерін көрсету;
– педагогикалық қызметкерлердің шығармашылық өзара әрекеттесуі үшін
жағдай жасау;
– педагогикалық қызметкерлердің шығармашылық бастамасын белсендіру.