Конференциялар

28.10.2023ж. Колледжде Тараз қаласы туралы студенттердің білімдерін өзектендіру мен жетістіктерін насихаттау, студенттерді ғылыми-зерттеу жұмысына тарту мақсатында «Тараз қаласы: өткені мен бүгіні» атты қалалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Колледің ұйымдастыруымен қалалық ғылыми-тәжірибелік конференцияға Тараз қаласының колледждері мен М.Х.Дулати атындағы Тараз Өңірлік Университетінен жалпы 35 өтініш пен баяндама қабылданды, оның ішінен конференцияның ақпараттық сессиясында 13 баяндама оқылды. Конференция жұмысы келесі негізгі бағыттар бойынша жүргізілді:
• Тараз қаласының тарихы, танымал есімдер, тарихи орындар;
• Тараз қаласының экономикасы: өнеркәсібі мен шаруашылығы, экономикалық дамуындағы жетістіктері;

  • Жамбыл облысының денсаулық сақтау саласы мен білім беру саласы;

Конференция қонақтары: Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының Техникалық және кәсіптік білім беру бөлімінің басшысы Жайлышева Алтынай Жайлышқызы, М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті «Білім берудегі тарих және география» кафедрасының доценті, тарих ғылымдарының кандидаты Мырзабеков Бақыт Ормаханұлы және «Тарих және география» кафедрасының аға оқытушысы Көбесова Акнур Смаилқызы, «Мұғалім жаршысы» облыстық газетінің бас редакторы Ғалиябану Усенова арнайы шақыртылды. Жауапты : № 1 әлеуметтік-экономикалық, жалпы білім беру және жалпы ізгілендіру пәндері циклдік әдістемелік комиссиясының төрайымы Жантохова Г.Н. және ЦӘК оқытушылары.

 


19.05.2022ж. Жамбыл жоғары медициналық колледжінің үйірме жұмыстары бойынша «Тұрғындардың  денсаулығын сақтау-жаhандық пандемияны жеңудің негізі» тақырыбында қорытынды  ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті.

    Пәндер  бойынша 19  үйірме қатысты. Үйірме мүшелері  дайындаған  экспонаттарын, зерттеу жұмыстарын,қолданған әдістерін шеберлікпен мәлімдеме жасап, қорғап шықты. Конференцияға үйірме жетекшілері мен үйірме мүшелері  үлкен дайындықпен келіп, зерттеу жобалары өзекті мәселелерді қамтыған. Сараптама  комиссиясының қорытындысы бойынша үздік зерттеу жұмыстары дипломдармен және номминациялармен марапатталды. 

I  дәрежелі диплом – «Балдырған»  үйірме мүшесі Азизова К. 221 топ, «Емдеу ісі» бөлімі. Жетекшісі  Жантасова Р.У.;

 II  дәрежелі диплом – «Инфекционист»  үйірме мүшесі Оман А. 221топ,  «Емдеу ісі»  бөлімі. Жетекшісі  Блейменова Б.Б.;

IIІ  дәрежелі диплом – «Нозология»  үйірме мүшесі Сәрсенбекова Н. 128 топ  «Емдеу ісі»  бөлімі. Жетекшісі   Септесін Г.Қ.

Үздік жұмыс көрсеткен үйірмелер келесі номминациямен марапатталды:

  1. «Занимательная грамматика»  үйірме мүшесі Танкишева К.  жақсы шығармашылық жұмысы үшін; 
  2. «Эврика» үйірме мүшесі Сейдіш Н.  конференцияда көрсеткен  ізденімпаздығы  үшін;
  3. «Галилео» үйірме мүшесі Тойбек С. конференцияда көрсеткен    жаңашылдығы үшін номминацисы
  4. «Рефлекс» үйірме мүшесі Нәдірбек М. конференцияда ғылыми ой танытқаны үшін;
  5. «Скальпель» үйірме мүшесі Ерғара С. конференцияда жақсы мазнұнды жұмысы үшін Мақтау қағаздарымен марапатталды.

«Флора»  жетекшісі Нурбаева Р.Т, «Шипагер» жетекшісі   Серкебаева  А.К., «Жас химик»  жетекшісі Султанаева А.Б., «Эврика»  жетекшісі Тоқсанбаева Д.Н., «Микробтар әлемі»  жетекшісі Қасымов Н.А., «Балдырған»  жетекшісі Жантасова Р.У., «Инфекционист» жетекшісі Блейменова Б.Б., «Скальпель» жетекшісі Даулетов А.М.,   «Занимательная грамматика»  жетекшісі Бердалиева Э.Б., «English in action» жетекшісі Тойланбаева К.А. үйірмелерінің жетекшілері   оқу жылы бойынша атқарған жұмыстары үшін  мақтау қағазымен,  «Алтын стестоскоп»  жетекшісі Серік С.Н., «Алтын құрсақ» жетекшісі Жақай А.М.., «Ізденуші биолог» жетекшісі Жунисова Қ., «Галилео» жетекшісі   Құдайбергенова А.К., «Шамшырақ» жетекшісі Абдраимова Н.Ж.,  «Рефлекс» жетекшісі  Танат Г.К., «Милосердие» жетекшісі Мухажанова Р.Ж., «Алаш жолы» жетекшісі Байбосынова А., «Нозология» жетекшісі  Септесін Г.Қ  үйірмелерінің жетекшілері  оқу жылы бойынша атқарған жұмыстары үшін  алғыс хаттармен марапатталды.

27.08.2021 ж. Қазақстан Республикасы Конституциясының 26 жылдығына орай, Жамбыл жоғары медициналық колледжі “Қазақстан Республикасының Конституциясы теория және заманауи тәжірибе” «АТА ЗАҢ-ЕЛДІГІМНІҢ ЕҢСЕСІ» тақырыбында ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Колледждің қызметкерлері мен оқытушылары ғылыми-тәжірибелік конференцияға онлайн режимінде қатысты. Конференцияның мақсаты: Қазақстан Республикасы Конституциясының конституциялық заңдардың қағидаларын тұжырымдау, Қазақ қоғамы тарихындағы Конституциялардың ерекшеліктерін аңғарту, Қазақстан Республикасы Конституциясы жетістіктеріне тоқталу.

10.12.2021 ж.  Жамбыл жоғары медициналық колледжі Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай еліміздің 30 жыл ішінде қол жеткізген жетістіктерін насихаттау және тәуелсіздік туралы студенттердің білімдерін өзектендіру, студенттерді ғылыми-зерттеу жұмысына тарту мақсатында 2021 жылдың 10 желтоқсанында сағат 10:00-де on-line тәртібінде «Тәуелсіз елдің ұлағатты ұрпағы» атты қалалық ғылыми − тәжірибелік конференция өткізді. Ғылыми − тәжірибелік конференциямызды ашу үшін М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті «Тарих және география» кафедрасының меңгерушісі, тарих ғылымдарының кандидаты, доцент Серікбаев Ермекбай Қойбекұлы арнайы шақыртылып, конференцияның салтанатты ашылуында сөз сөйледі. Конференцияға: Жамбыл жоғары медициналық колледжі, Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық жоғары колледжі, Жамбыл политехникалық жоғары колледжі, «Тараз -Болашақ» жоғары медициналық колледжі, «Астана» көпсалалы колледжі студенттері қатысты. Конференция соңында мазмұнды баяндама жасап, қатысқан студент жастарға сертификаттар тапсырылды және мақалалар мен баяндамалар конференция жинағына жарияланатындығы хабарланды.

«Жамбыл жоғары медициналық колледжі ШЖҚ КМК» ұйымдастыруымен «Тұрғындардың денсаулығын сақтау – жаһандық пандемияны жеңудің кепілі» тақырыбында өткізілген үйірме жұмысының 2020-2021 оқу жылындағы қорытынды ғылыми-тәжірибелік конференциясында үздік ғылыми жұмысы үшін I Дәрежелі Дипломмен «Рефлекс» үйірме мүшесі Г.Дүйсенова, ғылыми-жетекшісі Н.Б.Бердіш, II Дәрежелі Дипломмен «Эврика» үйірме мүшесі А.Сокуренко, ғылыми-жетекшісі Д.Н.Токсанбаева, III Дәрежелі Дипломмен «Ізденуші биолог» үйірме мүшесі А.Айтбайқызы, ғылыми-жетекшісі А.Т.Көбегенова, III Дәрежелі Дипломмен «Милосердие» үйірме мүшесі Ш.Исмаилова Дипломдармен және конференцияда көрсеткен жаңашылдығы үшін «Нозология» үйірме мүшесі Қ.Бәйтек, ғылыми-жетекшісі Г.К.Септесін, жақсы шығармашылық жұмысы үшін «Галилео» үйірме мүшесі А.Отарғали, жетекшісі А.Қ.Құдайбергенова, ғылыми ой танытқан жұмысы үшін «Скальпель» үйірме мүшесі А.Сметуллаева, жетекшісі А.М.Даулетов, өзекті жұмысы үшін «Авиценна» үйірме мүшесі Ұ.Мусабаева, жетекшісі Ф.Қ.Бекетаева, көрсеткен жаңашылдығы үшін «Алтын құрсақ» үйірме мүшесі Ұ.Рахметова, жетекшісі А.М.Жақай Мақтау қағазымен марапатталды.

 


06.2021 ж. Колледжінің үйірме жұмыстары бойынша «Тұрғындардың денсаулығын сақтау- жаhандық пандемияны жеңудің негізі» тақырыбында қорытынды ғылыми –тәжірибелік конференциясы қашықтықтан мираполис платформасында өтті.

Колледж директоры Сарыбекова Ж.Н – Дүниежүзінде болып жатқан «Covid-19» пандемиясына байланысты барлық оқу орында қашықтықтан жұмыс жасап, жаңа форматта өтіп жатқанын айта отырып, конференцияға қатысушыларға сәттілік жолдап, конференцияны ашып берді. Пәндер бойынша 19 үйірме қатысты. Үйірме мүшелері дайындаған экспонаттарын,зерттеу жұмыстарын,қолданған әдістерін шеберлікпен мәлімдеме жасап, қорғап шықты. Конференцияға үйірме жетекшілері мен үйірме мүшелері үлкен дайындықпен келіп, зерттеу жобалары өзекті мәселелерді қамтыған. Сараптама комиссиясының қорытындысы бойынша үздік зерттеу жұмыстары және алғыс хаттармен марапатталды.

I дәрежелі диплом – «Рефлекс» үйірме мүшесі Дүйсенова Г 213 топ, «Емдеу ісі» бөлімі жетекшісі Бердіш Н.Б.

II дәрежелі диплом – «Эврика» үйірме мүшесі Сокуренко А 117 топ, «Емдеу ісі» бөлімі, жетекшісі Токсанбаева Д.Н.

III дәрежелі диплом – «Милосердие» үйірме мүшесі Исмаилова Ш 214 топ, «Емдеу ісі» бөлімі, жетекшісі Мухажанова Р.Ж.

III дәрежелі диплом – «Ізденуші биолог» үйірме мүшесі Айтбайқызы А. 111 топ, «Мейіргер ісі» бөлімі, жетекшісі Кобегенова А.Т.

«Скальпель» жетекшісі Даулетов А.М., «Нозология» жетекшісі Септесін Г.К. .,«Авиценна» жетекшісі Бекетаева Ф.Қ. «Балдырған» жетекшісі Жақай А.М.,«Галилео» жетекшісі Құдайбергенова А.К алғыс хаттармен марапатталды.

 

Халықаралық ғылыми –тәжірибелік конференциялар

Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы «Жамбыл жоғары медициналық колледжі» ШЖҚ коммуналдық мемлекеттік  кәсіпорны Қазақстан Республикасы   медициналық колледждерінің оқытушыларымен, 29.04.2020 жылы  сағат 1000 (Астана уақыты бойынша) on-line тәртібінде өткізілді.  «Медициналық колледждерде оқу үрдісін ұйымдастыруда  қашықтықтан оқыту технологиясын қолдану» атты республикалық семинар өтті.


Жамбыл жоғары медициналық колледждің ұйымдастыруымен ҚР және ТМД елдері медициналық колледждерінің студенттерімен «Жүрек-қан тамыр жүйесі ауруларының қауіп-қатер факторлары және медициналық-әлеуметтік аспектілері: мәселелері мен шешімдері» тақырыбында on-line тәртібінде өткізілген Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясына колледж студенттері  қатысып,  М.Лескалиев I дәрежелі,  Т.М.Мырзабек, Р.Вердиева II дәрежелі, Л.Айдарова, А.А. Абдалиева III дәрежелі Дипломдармен және Сертификаттармен марапатталды. Жетекшілері: Г.Қ.Септесін, А.М.Даулетов, А.К.Серкебаева, С.Н.Серік, Р.Ж.Мұхажанова.

Сонымен қатар, конференцияны жоғары деңгейде ұйымдастырып өткізгені үшін  колледждің әдістемелік кабинет меңгерушісі Ж.Б.Иманбекова, әдіскер Л.Қ.Батаева, үйірме жұмысы төрайымы А.К.Серкебаева, оқытушылар Ж.Б.Мырзагулова, Б.С.Мадимарова, ақпараттық технологиялар орталығының меңгерушісі Д.Е.Тұраров, бағдарламалық қамтамасыз ету маманы А.С.Сұлтанғалиева   Алғыс хаттармен марапатталды.


14.04.21 жылы    Жамбыл жоғары медициналық  колледжінің базасында  «Жүрек–қан тамыр жүйесі ауруларының қауіп-қатер факторлары және медициналық-әлеуметтік аспектілері: мәселелері мен шешімдері» тақырыбында оn-line тәртібінде білім беру саласында халықаралық ынтымақтастықты нығайту және бәсекелестікке қабілетті   жас ғалымдардың (колледж студенттері) ғылыми-зерттеу жұмысын жандандыру мақсатында  халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.                                                             Конференция мақсаты:

медицина бағытындағы мамандарды дайындаудың сапасын көтеру жәнежүрек-қан тамырлары ауруларының деңгейін төмендетуде студенттердің ғылыми –ізденіс жұмысына ерекше көңіл аудару.

Конференция міндеттері:

  1. Техникалық және кәсіптік білім беру саласында халықаралық ынтымақтастықты нығайту.
  2. Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияны ұйымдастырып өткізу және жас ғалымдардың (колледждердің студенттері) ғылыми-зерттеу жұмысын жандандыру.
  3. Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың

2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын  іске асыру.

  1. Студент-медиктердің ғылыми-ізденіс жұмысына деген  ынталарын қалыптастыру және шығармашылық қабілеттері мен қызығушылығын дамыту.

Конференцияның негізгі бағыттары

 1.Жүрек – қан тамыр жүйесі ауруларының (стенокардия, инфаркт миокарда (жедел коронарлық синдромы),  артериалды гипертензия)  өзекті мәселелері және медициналық-әлеуметтік көмектің тиімділігін  жоғарлату жолдары.

2.Жүрек – қан тамыр жүйесі ауруларының негізгі себептерін  талдау (анализ) және бақылау (мониторинг).

3.Жүрек – қан тамыр жүйесі ауруларын емдеуге қолданатын дәрілік  заттарды  дәлелді  медицинаның  негізінде тиімді  қолдану.

4.Жүрек – қан тамыр жүйесі ауруларын тудыратын қатер   факторларының таралуын төмендетуде  жаңа  мінез-құлық ұстанымдарын қалыптастыру.

5.Салауатты  өмір  салтын қалыптастыру  және  жүргізуде  тұрғындардың  жүрек – қан тамыр жүйесі ауруларының   алдын алу сауаттылық   деңгейін көтеру.

Конференцияға 5 бағыт бойынша  47 жұмыс ұсынылды, 24 колледжден: Россиядан, Омбы медициналық Университетінің жанындағы колледжден-2,  Қырғызстан Республикасының медициналық колледждерінен – 5, республиканың 17 колледжінен, оның ішінде: 27 баяндама сараптау комиссияның шешімі бойынша конференцияда тыңдауға ұсынылды.Конференцияны Облыстық денсаулық сақтау басқармасының медициналық көмекті ұйымдастыру бөлімінің басшысы Л.О.Отарбаева мен   колледж директоры Ж.Н.Сарыбекова ашып, қатысушыларға сәттілік тіледі. Барлық жұмыстар өз деңгейінде оn-line жүйесінде тыңдалды. Конференция соңында, сараптау комиссиясының қорытындысы бойынша, ең үздік жұмыстарға арнайы дипломдармен, Алғыс хаттар, қатысушыларға сертификат берілді, конференция қарары оқылды. Қатысқан колледждердің  ғылыми жетекшілерінің пікірлері тыңдалды. Конференция өте жоғары деңгейде өтті.

Ғылыми жобаларды, баяндамаларды, ұсыныстарды негізге ала отырып, қатысушылар төмендегідей конференцияның

Қарарын қабылдады:

  1. Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияны ұйымдастырып өткізу және жас ғалымдардың (колледждердің студенттері) ғылыми-зерттеу жұмысын жандандыру,техникалық және кәсіптік білім беру саласында халықаралық ынтымақтастықты нығайту.
  2. Білім беру үрдісіне қашықтықтан оқытуды, оның ішінде on-line тәртібіндегі оқытуды енгізуді жалғастыру.
  3. ТМД елдері және Қазақстан Республикасы медициналық колледждердің конференцияға қатысуы білім беру және медицина салаларында ынтымақтастық шеңберін кеңейтуге мүмкіндік берді.
  4. Медицина бағытындағы мамандарды дайындаудың сапасын көтеру жәнежүрек-қан тамырлары ауруларының деңгейін төмендетуде студенттердің ғылыми –ізденіс жұмысына ерекше көңіл  бөлінді.
  5. Жүрек – қан тамыр жүйесі ауруларын тудыратын қатер факторларының таралуын төмендетуде   және қоғамда жиі кездесетін (стенокардия,миокард инфарктісі) жүрек қантамырлары ауруларының себептерін алдын алып,ерте диагностикалап,клиникалық көрсетілімдері бойынша дәрі-дәрмек топтарын саналы да сапалы тағайындалуы қарастырылды.
  6. Салауатты өмір  салтын қалыптастыру  және  жүргізуде  тұрғындардың  жүрек – қан тамыр жүйесі ауруларының   алдын алу сауаттылық   деңгейін көтеріп,тиімді тамақтануға ,жоспарлы скрининг өтудің  маңыздылығын түсіндіріп,жаппай өтуге және аурудың алдын алуға тағайындалған дәрі-дәрмектерді дұрыс қолданып,қабылдау мерзімін қатаң сақтауда сауаттылық деңгейін көтеру.
  7. Шалғай елді мекендерде жүрек-қантамыр ауруларының алдын алу шараларын диагностикалауға арналған  заманауи құрал-жабдықтармен  қамтамасыз етіп, дұрыс жолға қойылуы ұсынылды.


Жамбыл облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының «Жамбыл медициналық колледжі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны Қазақстан Республикасы және Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдері  медициналық колледждерінің оқытушылары 28.03.2018 жылы  сағат 1000 (Астана уақыты бойынша) on-line тәртібінде халықаралық қатысумен  «Денсаулық сақтау мамандарын дайындаудағы симуляциялық технологиялар» атты республикалық семинар  өтті.


Жамбыл медициналық  колледжі техникалық және кәсіптік білім беру саласында халықаралық ынтымақтастықты нығайту, халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияны ұйымдастырып өткізу және жас ғалымдардың (колледждердің студенттері)  ғылыми-зерттеу жұмысын жандандыру мақсатында,  денсаулық сақтау  саласын  дамытудың мемлекеттік бағдарламаларын іске асыру аясында Қазақстан Республикасы және Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдері  медициналық колледждерінің студенттерімен  21желтоқсан 2016 жылы  сағат 1000 (Астана уақыты бойынша) on-line тәртібінде   «Тұрғындардың денсаулығын нығайту – мемлекеттің  тұрақты әлеуметтік-экономикалық даму факторы» атты  Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы  өтті.


15.02.2016 ж. Астана қаласында «ZIAT» ғылыми-әдістемелік орталығымен ұйымдасты-рылған қашықтан өткізілген ІІ Республикалық педагогтардың «Өнегелі ұстаз» атты сайысына орыс тілі және орыс әдебиет пәнінің оқытушысы К.Ж.Байбосынова І орынға ие болды.

“ZIAT ” ғылыми – әдістемелік орталығы мен ұйымдастырылған қашықтықтан өткізілген II Республикалық педагоктардың «Өнегелі ұстаз» атты сайысына колледж директоры Ж.Н. Сарыбекова, әдістемелік кабинеттің меңгерушісі Ж.Б. Иманбекова қатысып, III жүлделі орынға ие болды.


24.02.2016ж. Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық колледжінде «Жаратылыстану пәндерін оқытуда жаңаша оқыту технологиялар арқылы маманның құзіреттілігін қалыптастыру» тақырыбында облыстық семинар-практикумға белсене қатысып, баяндама оқығаны үшін биология пәнінің оқытушысы А.Б.Сұлтанаева және информатика пәнінің оқытушысы А.К.Құдайбергенова Алғыс хатпен марапатталды.


20.12.2015 ж. On-line режимінде Көкшетау медициналық колледжінде өткен Қазақстан хандығының 550-жылдығына арналған «Қазақ хандығы: тарихы, дамуы, маңызы» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференцияна тарих пәнінің оқытушысы Ш.Т.Маманова және 308 топ студенті Д.Е.Амантаев қатысып, Сертификатқа ие болды.


15.12.2015 ж. “ZIAT” ғылыми – әдістемелік орталығы мен ұйымдастырылған қашықтықтан өткізілген “Жаңа педагогикалық идеялар” атты Республикалық сыныптан тыс іс-шаралар сайысына директордың оқу-әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары Сарыбекова Ж.Н., колледж әдіскері Батаева Л.К. қатысып, I жүлделі орынға ие болды.


03.12.2015 ж. Омск мемлекеттік медициналық университеті ұйымдастырған “Білім беру. Ғылым. Инновациялар” тақырыбында өткен Халықаралық ғылыми тәжірибелік конференцияға директордың оқу-әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары Ж.Н.Сарыбекова, директордың оқу-өндірістік ісі жөніндегі орынбасары Қ.Т.Андакулова, колледж психологы Ж.Л.Шужеева қатысып Сертификаттарға ие болды.


 

27.11.2015 ж. «Мәңгілік ел: Қазақстанның қалыптасуы мен өркендеуінің кепілі!» атты республикалық ғылыми – практикалық конференциясына қатысқаны үшін тарих пәнінің оқытушысы Ғ.А.Сыздықова Сертификатқа ие болды. Осы конференцияда 213 топ білімгері А.Қосақова ІІІ орын алып, Дипломмен марапатталды.


15.11.2015 ж. Астана қаласында электронды жүйеде өткен «ZIAT» Ғылыми-әдістемелік орталы-ғымен ұйымдастырылған «Компьютерлік технологияның қолдауымен өткізілген ең үздік сабақ» атты Республикалық оқытушылар сайысында ІІ орынды тарих пәнінің оқытушысы Ш.Т.Маманова иеленіп, Дипломмен марапатталынды.


30.10.2015 ж. Астана медициналық колледжінің 80 жылдығына орай, «Қазақстан Республикасындағы мейіргерлік қызметтің әрі қарай дамуы. Мейіргерлер мамандығын даярлаудағы заманауи көзқарас» атты халықаралық ғылыми – тәжірибелік конференцияға директордың оқу-әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары Ж.Н.Сарыбекова, директордың оқу-өндірістік жұмысы жөніндегі орынбасары Қ.Т.Андакулова қатысып қайтты.


16.10.2015 ж. Түркістан медицина колледжінің 50 жылдығына орай өткізілген «Дуалды оқыту жүйесі – сапалы, бәсекелестікке қабілетті мамандар даярлау негізі» атты Халықаралық ғылыми – тәжірибиелік конференциясына колледж директоры С.Қ.Қоңырова, директордың оқу-ісі жөніндегі орынбасары М.И.Тлеубаева, біліктілікті арттыру бөлімінің меңгерушісі Ж.М.Кабирова қатысып, Сертификатқа ие болды.