Оқу көшбасшысы

Без рубрики
Бөлісу

07.10.2022 ж. Жамбыл жоғары медициналық колледжінде «Оқуға құштар колледж» тұжырымдамасы аясында белсенді студенттердің ұйымдастыруымен «Оқу көшбасшысы» зияткерлік ойыны өтті. 1 курс студенттері арасында болған ойында студенттер өздері оқыған кітаптарынан түрлі деңгейдегі тапсырмаларды орындап, өз білімділіктерін көрсетті. Ойын қорытындысы бойынша жеңіске жеткен «Жұлдыз» тобына «Оқырман топ» номинациясы мен сыйлықтар берілді, қалған қатысушы топтар «Алғыс хатпен» марапатталды.