Оқытушылардың аттестациядан өткізу отырысы.

Без рубрики
Бөлісу

16.06.2021ж. Колледжде аттестатталушы оқытушылар біліктілік санаттарын алу(растау) үшін кезекті аттестаттаудан өткізу педагог қызметкерлер қызметінің қорытынды кешенді талдамалық отырысы болды. Педагог қызметкерлерді аттестаттаудың қағидалары мен шарттарына сəйкес 15 оқытушы аттестациядан өтті.

Аттестациялық комиссия құрамы:

1. Ж.Н.Сарыбекова – Аттестациялық комиссия төрайымы, колледж директоры.

2. Л.Т. Қуанышбекова  – Аттестация комиссия төрайымының орынбасары, директордың оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары.

3. Б.Х.Тəжібаев –  Жамбыл облысы білім басқармасының оқу-əдістемелік кабинет басшысының орынбасары.

4. Д.Х.Ахметбеков –  Жамбыл облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасы әкімшілік бөлімінің басшысы.

5. Т.Қ.Саурбаев –  ҚР медициналық Палатасының Жамбыл облысы филиалы директоры.

6. Г.А.Момбекова – «SENIM» Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы РҚБ Жамбыл облысы филиалының төрағасы.

7. Д.А.Сарсенова – «Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы №5 Қалалық емханасы» ШЖҚ МКК бас дәрігері.

8. Қ.Т.Андакулова –  Директордың оқу-тəжірибе жұмысы жөніндегі орынбасары.

9. Ж.Б.Иманбекова – Оқу-əдістемелік жұмысы меңгерушісі.

Әр аттестатталушы презентация арқылы өз жұмыстарына есеп жасады. Күн тәртібіндегі мәселе бойынша «педагог-сарапшы», «педагог-зерттеуші» және «педагог-модератор» санатына өтуге өтініш берген оқытушылардың құжаттары бойынша аттестациялаудың бірінші  кезеңіндегі сын ескертпелердің орындалғаны тексеріліп, аттестациялау комиссиясы шешім қабылдады.

1. «Педагог-зерттеуші» біліктілік санаты талаптарына лайықты деп: Ж.Р.Алтынбекова, К.Ж.Байбосынова,  Ф.Д.Тұрмысова, Э.Б.Бердалиева.

2. «Педагог-сарапшы» біліктілік санатына – Л.Б.Саурбаева, А.К.Құдайбергенова, Б.А.Сағындықова, А.К.Серкебаева,  Ж.А.Токташева, М.Т.Досжанова.

3. «Педагог-модератор» біліктілік санатына – Б.А.Қырықбаева, А.Қ.Коконбаева, Р.Ж.Мухажанова, Н.Б.Бердіш, Ұ.Е.Дүйсембаева аттестаттану санатын бекітуге ұсынылды.