«Өмір – сенің жарқыраған аспаның, Өмір – сенің таусылмайтын дастаның» атты психологиялық апталық

Без рубрики
Бөлісу

2019 жылдың 11 –ші қараша күні, Жамбыл жоғары медициналық колледжінде  «Өмір – сенің жарқыраған аспаның, Өмір – сенің таусылмайтын дастаның» атты психологиялық  апталық  жоспарланды. Апталықтың бірінші күні, “Жарқын көңіл-күй сыйлаймын” атты акциясымен басталды.
Акцияға 1 курстың белсенді студенттері ат салысты. Толығырақ айтатын болсақ, колледжге кірген әр бір студентке, оқытушыларға акцияның мақсаттары мен ережелерімен түсіндіріп, өз тілек лебіздері мен көңіл күйлерімен бөлісті. Студенттердің көңіл – күйлерін көтеріп, өмірге деген құштарлықтарын арттыру мақсатында өткізілді. Акцияға оқытушылар да, студенттер жоғары деңгейде қатысып, өз тілек, лебіздерімен бөлісіп, парақ бетіне жазып, ілді.