Қазіргі таңда Жамбыл жоғары медициналық колледжінде орта медицина қызметкерлерінің біліктілігін арттыру, қайта даярлау және симуляция орталығы жұмыс жасайды. Орталықта келесі мамандықтар бойынша біліктілігін арттыру циклдары жүргізіледі: «мейіргер ісі», «емдеу ісі», «акушер ісі». 2022 жылға арналған күндізгі (оффлайн) және қашықтықтан оқыту (онлайн) негізіндегі күнтізбелік-тақырыптық жоспарға сай біліктілігін арттыру циклдары жүргізіледі. «Емдік және классикалық массаж», «Рентгенологиядағы мейіргер ісі», «Мейіргер ісі» бағдарламалары бойынша сертификаттау курстары өткізіледі.