28.02.2024 жыл күні Жамбыл жоғары медициналық колледжінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі комплаенс офицерінің ұйымдастыруымен колледж қызметкерлерімен «Парақорлыққа қарсы бәріміз бірге жұмылуымыз керек» тақырыбында түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Қазіргі таңда қоғамда халық парақорлық дертімен жиі бетпе-бет келеді. Бұл дерттің алдын алып қоғамға таралу жолдарын кесіп, оның ұлғаюына жол бермеу керек, ол үшін бәріміз бірге жұмылып қарсы тұруымыз керек.