Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ұйымдастыруымен 9 желтоқсан – халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күніне орай «Парасатты қоғам – мемлекеттік дамуының кепілі» тақырыбында өткен облыстық форумында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және оның туындау себептерін жою жолында белсенді қызмет атқарғаны үшін «ЖАҢАРУ» Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалыс» Республикалық қоғамдық бірлестігінің атынан Жамбыл жоғары медициналық колледжінің директоры Жамиля Нұрғалиқызы Сарыбекова АЛҒЫС ХАТПЕН марапатталынды.