08.12.2022ж. Жамбыл жоғары медициналық колледжінде № 1 Арнайы пәндер циклдық әдістемелік комиссиясының оқытушысы А.Қ.Құлмаханбетова «Мейіргер ісі» бөлімі, 207 М-09/21 топ студенттерімен «Генетика мен медициналық биология» пәнінен «Паразитизм биологиясы. Медициналық паразитология негіздері» тақырыбы бойынша ашық сабақ өткізді.
Білімділік мақсаты:
– медициналық паразитология адам паразиттерінің морфологиясын, биологиясын, патогендік маңызын және қоздырғыш ауруларының шараларын зерттейтін ғылым екендігін атап көрсетіп, студенттерді адам ағзасында паразиттің тіршілік ететін өкілдерімен таныстыру.
Тәрбиелік мақсаты:
– Студенттерді ұқыптылыққа, тәрбиелікке,мейірімділікке және пәнге және де болашақ мамандығын сүюге тәрбиелеу.
– Өзіндік мамандықтарына деген қызығушылығын және жауапкершілігін қалыптастырып,жауапкершілікке тәрбиелеу.
Әдістемелік мақсаты:
– Оқыту барысында интерактивті тақтаны пайдалана отырып, жаңа тақырыпты презентация әдісімен түсіндіріп, сабақтың мақсатына жету.