Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру мақсатында және Жамбыл жоғары медициналық колледжінің 90 жылдық мерейтойына орай заманауи бастамалар қолға алынуда. Соның бірі – білім беру үрдісіне жасанды интеллект технологияларын енгізу.
2025 жылдың 3 қазан күні фармацевтикалық пәндер оқытушысы Байғани Аяна Жасұланқызы 333Ф-11/23 тобы студенттерімен «Паразиттерге қарсы және гельминттерге қарсы әсері бар дәрілік өсімдіктердің фармакологиялық маңызы» тақырыбында тәжірибелік сабақ өткізді.
Сабақ барысында моноблок тақтасы және Renderforest, Studio.d-id, Luvvoice, Online-qr-generator сияқты нейрожелілердің мүмкіндіктері қолданылды. Студенттер паразиттерге қарсы және гельминттерге қарсы әсері бар дәрілік өсімдіктердің фармакологиялық маңызы туралы білімдерін тереңдетіп, практикалық дағдыларын шыңдады.
Практикалық бөлімде студенттер: қалампыр бүршігінен спиртті экстракт дайындады; асқабақ дәнінен тұнба әзірледі; экстракт құрамындағы эвгенолды, ал тұнба құрамындағы кукурбитинді анықтаудағы сапалық реакциялар барысын бейнеролик арқылы көріп, тәжірибелік процесті терең түсінді.