19.10.2023 ж. Жамбыл жоғары медициналық колледжінде кезекті педагогикалық кеңес өткізілді. Педагогикалық кеңесте «SENIM» Денсаулық сақтау жүйесі. «Жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы» Жамбыл облыстық филиалының төрайымы Момбекова Гульмайра Асановна Жамбыл жоғары медициналық колледжі директоры Ж.Н .Сарыбекованы «SENIM» Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің ҮЗДІГІ төс белгісімен және Денсаулық сақтау саласындағы адал еңбегі үшін,кәсіподақ өміріне белсене араласқаны үшін ағылшын пәнінің оқытушысы Н. Р. Абдрахманованы, Білім беру мен денсаулық сақтау саласындағы адал еңбегі мен кәсіподақ қозғалысының нығаюына қосқан үлесі үшін тарих пәнінің оқытушысы А. Т. Рахметлдаеваны Алғыс хаттармен марапаттады.