Педагогикалық кеңес

Без рубрики
Бөлісу

18.04.2020ж. Жамбыл жоғары медициналық колледжі «Mirapolis Virtual Rom» платформасы арқылы On-line форматта  №4 педагогикалық кеңес өткізілді. Педагогикалық кеңеске 108 адам қатысты.  Педагогикалық кеңестің күн тәртібінде 4 мәселе қаралды:

1.Қашықтықтан білім беру технологиясын пайдалана отырып оқу үрдісін ұйымдастыру. Баяндамашы: Қуанышбекова Л.Т. директордың оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары.

2.«Информатика» пәнінің оқытылуы мен білім сапасы. Баяндамашы: Шужеева Ж.Л. оқу бөлімінің меңгерушісі.

3.«Фармакология»  және «Латын тілі» пәндерінің оқытылуы мен білім сапасы. Баяндамашы: Мадибраимова А.М. бөлім меңгерушісі.

4. Студенттердің бос уақытын ұйымдастыру және құқық бұзушылықтың алдын алу жұмысының сапасы. Баяндамашы: Үсенов Р.Б. құқық бұзушылықтың алдын алу жұмысының меңгерушісі.

       Cоңында, On-line дауыс беру арқылы педагогикалық кеңестің қаулысы бірауыздан қабылданды.