12.03.2026 ж. Жамбыл жоғары медициналық колледждінде оқытушылар мен жас мамандарға арналған «Білімгерді сеніммен жетелейтін оқытушы: мотивация мен қолдаудың рөлі»
тақырыбында колледжішілік психологиялық тренинг өткізілді. Іс-шара барысында қатысушылар білім беру үдерісіндегі мотивацияның рөлі, студенттің ішкі әлеуетін ашу, сенімге негізделген педагогикалық қарым-қатынас құру мәселелері жөнінде пікір алмасты. Тренинг барысында түрлі психологиялық жаттығулар, топтық тапсырмалар және интерактивті ойындар ұйымдастырылып, қатысушылар белсенділік танытты. Тренингте білімгерлермен тиімді қарым-қатынас орнату, олардың оқу мотивациясын арттыруда оқытушының психологиялық қолдауының маңызын түсіндіру, сондай-ақ жас мамандарға кәсіби қолдау көрсету бойынша түрлі жаттығулар орындалды. Тренингке Жамбыл облысы білім басқармасының «Психологиялық қолдау орталығының» әдіскері Керимкулова К.С. келіп қатысты. Қатысушылар: білімгердің ішкі мүмкіндіктерін ашуға бағытталған әдіс-тәсілдермен танысты; мотивацияны арттырудың тиімді жолдарын талқылады; қолдау көрсетудің педагогикалық және психологиялық қырларын қарастырды; тәжірибе алмасып, кәсіби шеберліктерін жетілдірді. Тренинг қатысушыларға жаңа идеялар мен шабыт беріп, педагогикалық қызметте сенім мен қолдаудың қаншалықты маңызды екенін тағы бір мәрте дәлелдеді.
«Білімгердің жүрегіне жол табу – тек білім берумен шектелмейді, ол сенім, қолдау және түсіністік арқылы жүзеге асады».




