31.03.2026 ж. күні, Жамбыл жоғары медициналық колледжінде студенттермен «Сенімділік – сәттілік бастауы» тақырыбында студенттерге арналған психологиялық тренинг өткізілді. Тренингтің мақсаты: студенттерге өзіне деген сенімділікті арттыру арқылы сәттілікке жетудің жолдарын көрсету. Сенімділік адамның өмірінде маңызды рөл атқарады, себебі ол адамның ішкі күшін оятып, мақсаттарына жетуге көмектеседі. Осы тренингтің барысында студенттер өздерінің сенімділіктерін қалай арттыруға болатыны туралы білім алады. «Мен» деген арт терапия, «Эмоциялық жұмбақтар», «Сенімділік» жаттығулары жасалды. Студенттер әр жаттығуға белсене қатысып, өз ойларын ауызша және жазбаша түрде жеткізе білді.
Жауапты: А.Н.Оскенбаева.
#ППЖ





