2025 жылдың 8-11 желтоқсан аралығында Жамбыл жоғары медициналық колледжінің студенттері Жамбыл облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің «Заң және тәртіп» нарративтік жобасы мен «Адал азамат» бірыңғай тәрбие бағдарламасы аясында ұйымдастырылған «Qarzhy Sagshysy» интерактивті 2D компьютерлік ойынына белсене қатысуда. Мақсаты: студенттердің қаржылық қауіпсіздік дағдыларын қалыптастыру және олардың алаяқтық схемаларға алданып қалмауына ықпал ету.

