24.12.2025 ж. Жамбыл жоғары медициналық колледжінде студенттермен «Әр күнімізді бағалайық!» тақырыбында психологиялық тренинг өткізілді. Тренинг барысында қатысушылар өз эмоцияларын тануға, күнделікті өмірге саналы көзқараспен қарауға және өмірлік құндылықтарын айқындауға бағытталған жаттығулар орындады.
Студенттер бір-бірімен ашық пікір алмасып, өз бойындағы күшті тұстарын танып, өзара қолдау көрсетті. Жаттығулар арқылы эмоциялық тұрақтылық, өзін-өзі бағалау және болашаққа деген сенім нығая түсті.
#АдалАзамат

