«Рәміздерім- елдігімнің белгісі»

Бөлісу

02.06.2023 ж. Жамбыл жоғары медициналық колледжі Қазақстандық патриотизм және азаматтық тәрбие, құқықтық тәрбие бағыты бойынша
Қазақстан Республикасының рәміздерінің 31-жылдығына арналған
«Рәміздерім- елдігімнің белгісі» тақырыбындағы колледжішілік ашық тәрбие сағаты өткізілді.
Ашық тәрбие сағатының мақсаттары:

Білімділік мақсаты: Студенттердің аса маңызды мемлекеттік белгілер – рәміздер жөніндегі білімдерін жан-жақты сарапқа салу, оларға мемлекеттік белгілердің аса маңызды екенін ұғындыру, оны ерекше құрметтеп, мақтан тұту керектігін меңгерту.
Дамыту мақсаты: Студенттерімізге Елтаңба, Ту, Әнұран туралы түсініктерін нығайту. Рәміздердің пайда болуы және тарихтағы маңызы жайлы түсініктерді дамыту .

Тәрбиелік мақсаты: Студенттерді Отан сүйгіштікке, адамгершілікке, Отанына, халқына адал қызмет етуге, елінің Туын, Елтаңбасын, Әнұранын қастерлеуге, халқының тегін, тарихын білуге тәрбиелеу, өз отанының патриоты болып өсуіне тәрбиелеу.

Қатысқан топ студенттері: «Емдеу ісі» 113 ЕФ-9/22
Жауапты оқытушы: Беишенов С.С.