«ҚР тәуелсіз мейіргер ісінің озық тәжірибелерін енгізу»

Бөлісу

 

2025 жыл, 16-17 мамыр күндері  Қызылорда қаласында «ҚР тәуелсіз мейіргер ісінің озық тәжірибелерін енгізу» тақырыбында ҚР Денсаулық сақтау министрі  Альназарова Акмарал Шарипбаевнаның қатысуымен халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті. Конференция жұмысын Қызылорда облысы Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Искаков О.Ж. модератор ретінде жүргізіп, алғы сөзді Қызылорда облысының әкімі Налибаев Н.М. бастап, облыстағы денсаулық сақтау саласы бойынша жеткен жетістіктер мен атқарылған жұмыстарды атап өтті. ҚР  Денсаулық сақтау министрі  Альназарова А.Ш. мейіргер ісін дамытуда алға қойған мақсаттар мен атқарылып жатқан іс-шараларға тоқталып, мазмұнды баяндама жасады. Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияда Қазақстандағы ДДҰ Елдік кеңсесінің басшысы Скендер Сыла және ДДҰ Еуропалық өңірлік бюросының директоры Ханс Клюге сөйлеп, өткізіліп отырған іс-шараның маңыздылығын атап, ұйымдастырушыларға алғыс білдірді.

Пленарлық отырыстардағы баяндамалар:

-«Мейіргер – алғашқы медициналық-санитарлық көмек жүйесіндегі басты тұлға ретінде» Кулкаева Г.У. -м.ғ.к., ҚР ДСМ «Салидат Қайырбекова атындағы Ұлттық денсаулық сақтауды дамытудың ғылыми орталығы» ШЖҚ РМК Басқарма төрағасы;

– «Қазақстандағы медбикелердің кәсіби дамуына Мейіргерлік істі дамыту орталығының ролі (Қызылорда медициналық жоғары колледж тәжірибесі)» Калмакова Ж.А. -м.ғ.к., Қызылорда медициналық жоғары колледжінің директоры;

– «Мейіргерлердің біліктілігі мен құзыреттілігі: қиындықтар, бағалау және қазіргі заманғы талаптарға бейімделу қажеттілігі» Маженова Ж.К.– «Ұлттық тәуелсіз экзаменация орталығы» РҚБ экзамен материалдарын дайындау бөлімінің бас маманы;

– «University Medical Center» КҚ-да мейіргер ісін дамыту Досымбаева Э.Д. – «University Medical Center» бас мейіргері;

– «Қазақстандағы мейіргерлердің әлеуетін нығайту жөніндегі басымдықтар: ДДҰ Еуропалық өңіріндегі үрдістерге сәйкес»  Стелла Георгица – ДДҰ Еуропалық өңірлік бюросының денсаулық сақтау қызметтерімен жалпыға бірдей қамту саласындағы саясаткерлер жөніндегі кеңесшісі;

– «Мейіргерлік қызметті басқару-қиындықтар мен мүмкіндіктер» Габоян Яна Сергеевна – Ресей Федерациясы Денсаулық сақтау министрлігінің бас мейіргері, И.М. Сеченов атындағы Мәскеу медициналық академиясы, Мәскеу қ., Ресей;

– «Мейіргерлердің жоғары оқу орнынан кейінгі білімінде модельдеуді қолдану – «Medipol» университеттік ауруханасының мысалы (Түркия мысалы) Мерием Капанчы – ауруханалар кешенінің мейіргер ісі бойынша директоры «Medipol Megа», Түркия;

– «Қазақстан Республикасындағы мейіргерлік қызметті реформалау кезеңдері» Иоханна Хейкиля – JAMK Финляндия қолданбалы ғылымдар университетінің аға кеңесшісі, Финляндия және т.б.

Пленарлық отырыстан кейін медицина саласының халықаралық үздік тәжірибелерін пайдалана отырып, алғашқы көмек көрсету кезінде мейіргерлік процесті жетілдіру және тәжірибе алмасу мақсатында  Түркия, Ресей, Латвия мемлекеттері тренерлерінің станциялардағы жұмысы жоғары деңгейде көрсетілді. Колледж алаңында 1 станция – Жедел коронарлық синдром; 2 станция – Жол-көлік оқиғасы; 3 станция – Ауруханадан тыс босану; 4 станция – Неонаталдық реанимация; 5 станция – Анафилактикалық шок; 6 станция – Паллиативтік көмек; 7 станция – Модельдеу орталығы; 8 станция – Неонаталдық реанимация; 9 станция – Мейіргерлік күтім жасау; 10 станция – Пациентті оқыту және пациенттің туыстарын оқыту заманауи құрылғылармен жабдықталған станцияларда көрсетілді.

Колледж басшылары мен орынбасарларына арналған «Жеке өсу, кәсіптік дағдарысты алдын алу» тақырыбында тренинг ұйымдастырылды. Тренинг спикері Негай Николай Анатольевич – ҚР ДДҰ елдік кеңсесінің психикалық денсаулық мәселелері жөніндегі консультанты, Шығыс Еуропа елдеріндегі Дүниежүзілік психиатриялық қауымдастық өкілі, м.ғ.к.

ҚР мейіргер ісінің штаттан тыс үйлестірушілеріне арналған «Жоспарлы вакцинация туралы мейіргерлік коммуникация» тақырыбында тренинг өткізілді. Спикер: Қасымова С.Б.  – ДДҰ вакцинацияға сұраныс пен келісімді арттыру жөніндегі Ұлттық офицері. Тренингтер соңы «Парыз» мейіргер ісі мамандарының Республикалық қоғамдық бірлестігінің Халықаралық мейіргерлер кеңесіне кіру және ықпалдаса жұмыс жасау үшін өңірлік қауымдастықтармен меморандум жасауымен аяқталды.

17 мамыр күні панельдік сессия жұмысына ұласты.

1 секция- Көшбасшылық немесе басқару. Денсаулық сақтауды басқару: мейіргерлік қызметті басқарудың жаңа тәсілдері;

2 секция- Алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсетудегі кеңейтілген мейіргердің рөлі. Патронаж қызметін дамыту;

3 секция- Мейіргерлік күтім және пациенттерді оңалту;

4 секция-Мейіргерлік білім және зерттеулер: мейіргерлік білімге жасанды интеллект енгізу;

5 секция- Мейіргерлерді дамыту: құзыреттілік, коммуникация және эмоционалдық құлдыраудың алдын алу.

Сессия жұмыстарынан кейін конференцияның резолюциясы қабылданып, қатысушылар мен спикерлерге диплом мен сертификаттар  табысталды. Аталған ауқымды халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы басшысының м.а. Е.Мусабаев, Жамбыл облысы денсаулық сақтау басқармасына қарасты мейіргер ісі бойынша үйлестірушісі және Қалалық көпбейінді аурухана, консультативтік диагностикалық орталығының мейіргер ісі бойынша бас дәрігердің орынбасары Л.Т.Бокушева, Жамбыл жоғары медициналық колледжі директоры Ж.Н.Сарыбекова және орынбасары Л.Т.Қуанышбекова қатысып үлкен әсер алып, тәжірибелерін толықтырып қайтты. Тағылымды, қызықты іс-шараны ұйымдастырған Қызылорда медициналық жоғары колледжіне үлкен рақмет.