20.02.2024 ж. Жамбыл жоғары медициналық колледжінде «Әрбір бала-жарық жұлдыз» атты психологиялық айлық аясында 1-курс студенттері арасында «Мен үшін баға жетпес байлық» атты, психологиялық тренинг өтті. Тренинг барысында студенттердің өмірге оң көзқараста болу және кез келген жағдайда көмек сұрап, білгенімен бөлісу керектігі айтылып, танымдық тесттер мен «Менің мақсатым», «Сөйлемді жалғастыр» атты интеллектуалды психологиялық ойындар ойнатылды. Жауапты колледж психологы К.Сүйінбекұлы