Республикалық біртұтас кураторлық сағат өтті

Бөлісу

Орта техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында «Жеке бостандыққа құқық: зорлық-зомбылыққа, сталкингке және некеге мәжбүрлеуге қатысты құқықтық негіздер мен жауапкершілік» тақырыбында республикалық біртұтас кураторлық сағат өткізілді.

Шараның мақсаты – білім алушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру, жеке бостандық құқығының маңызын түсіндіру және зорлық-зомбылықтың кез келген түріне қарсы құқықтық жауапкершілік туралы ақпарат беру.

110 СД-9/25 топ студенттері кураторлық сағатқа белсенді қатысып, қойылған сұрақтарға нақты әрі мазмұнды жауап берді. Дайындаған баяндамаларын талдап, тақырып аясында ұсынылған кейстік жағдайларға топпен бірлесе отырып талдау жасап, өз пікірлерін білдірді.

Студенттер құқықтық нормалар мен заң талаптарын талқылай отырып, жеке қауіпсіздік, өз құқығын қорғау жолдары және жауапкершілік мәселелері бойынша маңызды қорытындыларға келді.

Осындай тәрбиелік мәні зор іс-шаралар жастардың құқықтық мәдениетін қалыптастыруға және саналы азамат болып қалыптасуына ықпал етеді.