Республикалық еріктілер слеті – 2018 жыл

Без рубрики
Бөлісу

Еріктілердің Республикалық слеті 21 қазан, жексенбі күні еліміздің түкпір-түкпірінен келген жастарға арнап өз есігін айқара ашты. Аталмыш шараға Қазақстанның 18 аймағынан 100-ден аса делегаттар ағыла бастады. Жамбыл медициналық колледжінен «Мейіргер ісі» бөлімі, 312 топ студенті Серикова Салтанат қатысып, ерекше әсерлерімен бөлісті. Алғашқы күн барлық қонақтарды қарсы алып, оларды қонақ үйге орналастыру және де алыстан келген еріктілермен танысумен тәмәмдалды.

2-күн. «Жастар Үні» Жастар Қоғамдық Бірлестігінің ұйымдастыруымен өтіп жатқан Еріктілердің Республикалық слетінің екінші күні дәрістермен басталды. Ең алғаш болып Алматы қаласы Жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқарма басшысы Шыңғыс Жұмағалиұлы Бескемпіров слетті ашып, еріктілерге сәттілік тіледі. Слеттің салтанатты ашылуы. Алатау дәстүрлі өнер театрында Еріктілердің Республикалық слетінің салтанатты ашылу салтанаты болып өтті. Аталмшы іс-шарада Қоғамдық Даму министрлігінің Азаматтық қоғам комитетінің төрағасының орынбасары Бақытжан Нарымбетов, Қоғамдық кеңестің мүшесі Майра Мажитқызы, Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасының басшысы Шыңғыс Жұмағалиұлы Бескемпіров, Қоғамдық кеңес мүшесі Бекнұр Кисиков, «Жастар Үні» жастар қоғамдық бірлестігінің төрағасы Бабамұратов Дәурен Абуталипұлы, Еріктілер Лигасы қоғамдық қорының төрайымы Ерниязова Айсұлу сынды маңызды қонақтарымыз еріктілерді аталмыш слеттің ашылу салтанатымен құттықтап, Алматы қаласындағы ең үздік деген 5 еріктіге сертификат және де ноутбук сыйға тартты. Слеттің салтанатты ашылуы қазақ эстрадасының Нұрлан Еспанов, Талғат Жорабаев сынды қазақ эстрадасының жарқын жұлдыздарымен қоса, түрлі әлемдік деңгейдегі конкурстардың жеңімпазы Садықов Қаныш, «ММДЭНС», «Орлеан», «Goldenteam» би топтарының өнерлерімен жалғасты. Еріктілердің Республикалық слетінің дәрістерінің 4-күні Паралимпиадалық волейболдан Қазақстан жастар құрамасаның капитаны, 100 жаңа есім жобасының жеңімпазы Серік Есматовпен кездесумен басталды. Екінші ретте жастарға мотивациялық дәрісті БҰҰ-ның Юнеско ұйымының Алматы қаласындағы жоба маманы Арина Мясоед жүргізді.