«Республикам-менің!»

Без рубрики
Бөлісу

24.10.2023 ж. «25-қазан Республика күніне» орай Мейіргер ісі бөлімі 244 ПБ-11/21 топ студенттері топ жетекшісі Юсупова Нұргүл Темірбекқызының ұйымдастыруымен «Республикам-менің!» тақырыбында колледішілік ашық тәрбие сағаты өткізілді. Ашық тәрбие сағатының мақсаттары:
Тәрбиелік мақсаты: Отансүйгіштікке, Отанға деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу, жастарды адамгершілікке, достыққа баулу, оқушыларды ұйымшылдыққа, жауапкершілікке баулу, Отан тарихына деген сүйіспеншілікке, өз халқының тарихын құрметтеуге, өзге ұлт өкілдері арасындағы достықты нығайту;
Дамытушылық мақсаты: Оқушылардың тіл байлығын, сөздік қорын молайту, рухани дүниетанымын, сөйлеу мәдениетін қалыптастыру, эстетикалық тәрбие беру, белсенділіктерін арттырып, өз ойын еркін жеткізуге дағдыландыру;