Ретро фестиваль «Ретро ырғақ – салауатты ғұмыр»
01.12. 2025 ж. Жамбыл жоғары медициналық колледжінің 90 жылдық мерейтойына орай колледж директоры Сарыбекова Жамиля Нургалиевна және колледж әкімшілігінің қолдауымен, «Денсаулық » клубының жетекшісі Блейменова Ботакоз Бекайдаровнаның ұйымдастыруымен «Ретро ырғақ – салауатты ғұмыр» тақырыбында колледж оқытушылары мен қызметкерлері арасында колледжішілік Ретро фестиваль өткізілді. Байқаудың негізгі мақсаты: денсаулықты сақтау мен нығайтудың шығармашылық жолдарын көрсету, ретро әндердің эмоционалдық, психологиялық пайдасын және салауатты өмір салтын насихаттау.
Байқауға 7 жұп қатысып, өнер көрсетті. Фестиваль 4 кезеңде өтті. 1-ші кезең – «Денсаулықты күтудің жолдары» тақырыбында видеоролик көрсету. 2-ші кезең-қазақ тілінде ретро ән орындау айдары. 3-ші кезең-өзге тілде ретро ән орындау айдары. 4-ші кезең- «Әнді таны және жалғастыр!» атты сергіту айдары.
1. Бас жүлдені «Gold Shine» тобы, 1 Арнайы пәндер ЦӘК оқытушылары Айманбетова Нұрай Алтынбекқызы мен Сайлаубаева Назерке Нұрлановна жеңіп алып, Облыстық байқауға жолдама алды.
2. 1-ші жүлделі орынды «Pharma-Stars» тобы- 2 Жалпы кәсіптік пәндер ЦӘК оқытушылары: Әділ Айдана Бекжанқызы мен Жұмабек Диас Нұрланұлы және «Кофе с молоком» тобы- 3 Жалпы білім беру және жалпы ізгілендіру ЦӘК оқытушылары: Досжанова Марианна Турдалиевна мен Шыныбаев Нұркелді Ергалиевич жеңіп алды.
3. 2-ші жүлделі орынға «Шырай» тобы, Әкімшілік-Кадрлар бөлімі мен Ақпараттық технологияларды орталығынан: Сұлтанғалиева Айнұр Сұлтанғалиқызы мен Медетова Шырын Серікбайқызы.
4. 3-ші жүлделі орынға «Ретро жұлдыздары » тобы- 1, 2 Арнайы пәндер ЦӘК оқытушылары Базарбеков Даулет Жанболатұлы мен Бейсенбек Шахризада Жәнібековна ие болды.
5. «Көрермен көзайымы» номинациясын № 1 Әлеуметтік -экономикалық білім беру мен жалпы ізгілендіру ЦӘК оқытушылары: Джантохова Гульдария Нургалиевна мен Қуанышбек Жалғас Асқарбекұлы,
6. «Үздік жұп» номинациясын » Рухани Ретро» тобы 1жалпы кәсіптік пәндер ЦӘК оқытушылары: Дидарбекова Мақпал Қайратовна мен Турдалиев Досжан Исабекович иеленді.


