«Рота бойынша тәуліктік кезекшінің міндеттері»

Без рубрики
Бөлісу

10.01.2024ж.Жамбыл жоғары медициналық колледжінің №3 Жалпы білім беру және жалпы ізгілендіру пәндері циклдық әдістемелік комиссиясының оқытушысы Ж.Н.Рахмаш «Фельдшер» бөлімі, 116ЕФ-9/23 тобымен, «Алғашқы әскери және технологиялық дайындық» пәнінен, «Рота бойынша тәуліктік кезекшінің міндеттері.» тақырыбында сынамалы ашық сабақ өткізді.
Сабақтың мақсаты: Алғашқы әскери және технологиялық дайындық пәнінде рота бойынша тәуліктік кезекшінің міндеттерін үйрену. Рота бойынша тәуліктік кезекшінің қауіпсіздік техникасын түсіндіру.Рота бойынша тәуліктік кезекшінің құжаттарының тізімін, рота бойынша тәуліктік кезекшінің кіммен тағайындалатыны, кезекшінің кімге бағынатыны, офицерлер мен сержанттардың шендерін ажырата білу. Кезекшілікті атқару барысында пәрмендерді, түнгі уақытта сарбаздарды бақылауды, рота ішінде тазалық ережесін білу және үйрену. Сынамалы ашық сабақ мақсатына жетті.