21.02.2023ж. Жамбыл жоғары медициналық колледжінде № 1 жалпы білім беру және жалпы ізгілендіру пәндері циклдық әдістемелік комиссиясының оқытушысы З.И.Абдалимова, «Мейргер ісі» мамандығы, 107М-9/22 топ студенттерімен «Қазақ әдебиеті» пәнінен «С.Сейфуллиннің өмірі мен шығармашылығы.» тақырыбында ашық сабақ өтті.
Сабақтың мақсаты: студенттерге Сәкен Сейфуллин өмірі мен шығармашылығы туралы түсінік бере отырып, ақын өлеңінің тақырыбын, мазмұнын, көркемдігін, құрылысын меңгерту. Шығармашылығын жан-жақты талдау, оқу, студенттердің пікірін, көзқарасын қалыптастыру.