«Сабақ FEST» ашық сабақтар фестивалі

Без рубрики
Бөлісу

2024 жылдың 16 ақпан күні Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының техникалық және кәсіптік білім беруді дамыту орталығының ұйымдастыруымен техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарындағы арнайы пән педагогтері арасында облыстық «Сабақ FEST» ашық сабақтар фестивалі өтті. Фестивальге жалпы 13 оқытушы қатысты. Жамбыл жоғары медициналық колледжінің оқытушысы Бердіш Нұрзада Беріктемірқызы «Үздік заманауи сабақ» номинациясымен марапатталды.