САРЫСУ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ КУБОГІ – ЖАЙДАРМАН ЖАНАТАСТА! «Емдеп аламыз» құрамасы – ІІ-орын
02.05.2025ж. күні Сарысу аудандық мәдениет үйінде тәжірибелі командалардың қатысуымен өткен көңілді де әсерлі Жайдарман ойындары өткізілді! Бұл сайыста көрермендер жоғары деңгейдегі әзіл-қалжың мен тапқырлықтың куәсі болды. Аталған сайысқа Жамбыл жоғары медициналық колледжінің намысын қорғап, ерекше көңіл-күй сыйлаған «Емдеп аламыз» құрамасы қатысып, өзіндік ерекше стилімен, шынайы харизмасымен жоғары деңгейде өнер көрсетіп, 2-орынға ие болды!
Жастардың тапқырлығы мен бірлігі көрініс тапқан бұл команда тек сахнада емес, өмірде де үлкен жетістіктерге жетуіне тілектеспіз!