20.12.2019 жылы «Жамбыл жоғары медициналық колледждің» Б ғимаратында «Болашақ» Қоғамдық ұйымы төрайымы Калиева Галина Зенуллаевна «Внимание, торговля людьми!» тақырыбында семинар өткізді. Семинар тындаушылары болып колледждің оқытушылары мен 70 студент қатысқан болатын. Семинар барысында тақырыпқа сай бейнероликтер көрсетіліп, қандай жағдайда адам ұрлау қаупінен сақтану қажеттігі жете түсіндірілді. Студенттерге ақпараттық брошюралар таратылып, қызықтыратын сұрақтары талқыланды.