2025 жылдың 18 сәуір күні «Жамбыл жоғары медициналық колледжі» ШЖҚ КМК 2025 жыл -Жұмысшы мамандықтар жылына орай колледж түлектерімен «Сенде бір кірпіш дүниеге» тақырыбындағы түлектермен кездесу кеші ұйымдастырылды.
Кездесудің мақсаты:
- Медицина саласындағы түлектермен кездесіп,
- болашақ маманның негізгі қызметімен, даму перспективаларымен, жұмыс берушінің мамандарға қоятын талаптарымен танысу.
- Медицина саласындағы түлектердің тәжірибесімен бөлісу, студенттерге кәсіби бағыт-бағдар, мотивация беру.
- Бітіруші студенттерге жаңа жұмыс орнына орналасу үшін қажетті ақпараттармен таныстыру, көкейкесті мәселелерді талқылау.
Кездесу кешіне Тараз қаласы бойынша медициналық ұйымдардың бас дәрігерлері және дәрігерлері қатысты:
- Мурзакасымов Хамит Саттаркулович – «Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы Қалалық көп бейінді ауруханасы және консультативтік- диагностикалық орталығы» ШЖҚ МКК бас дәрігері.
- Кызгараева Кулзахира Сапаркуловна – Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы «Жамбыл облыстық медициналық жедел жәрдем стансасы» ШЖҚ МКК бас дәрігердің емдеу ісі жөніндегі орынбасары.
- Маханова Перизат Құттыбаевна – «Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы №5 Қалалық емханасы» ШЖҚ МКК бас дәрігердің медицина бөлімі жөніндегі орынбасары.
- Касымова Гульмира Гафуровна – «Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы «Жамбыл облыстық көп бейінді онкология және хирургия орталығы» ШЖҚ МКК дәрігер-терапевті, медицина ғылымдарының докторы.
- Нургабылова Сагыныш Кабылтаевна – Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы «Жамбыл облыстық жұқпалы аурулар ауруханасы» ШЖҚ МКК бас дәрігердің емдеу ісі жөніндегі орынбасары, облыстың бас инфекционисті.
- Кишкеева Айгуль Кабылбековна – «Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы Жамбыл облыстық көп бейінді балалар ауруханасы» ШЖҚ МКК
соматикалық блоктың қабылдау бөлімінің меңгерушісі.
- Бұғыбаев Төлеген Тәкежанұлы – Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы «Жамбыл облыстық мамандандырылған оңалту орталығы» ШЖҚ КМК басшысы.
- Нурпеисов Ергали Серикович – Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы «Жамбыл облыстық психикалық денсаулық орталығы» ШЖҚ МКК «5 наркологиялық бөлімшенің» бөлімше меңгерушісі, дәрігер-нарколог.
- Бүгінгі кешіміздің қонағы, Талканбаева Райгул Калановна – Тараз қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі басшысының орынбасары.
Колледж түлектері медициналық ұйымдардан келген түлектермен сұхбаттасып, мамандыққа деген қызығушылықтары артып, болашаққа деген сенімдері нығайды деген ойдамыз.
Кездесу кешін ұйымдастырып, өткізген: директордың оқу-өндірістік ісі жөніндегі орынбасары Андакулова К.Т.; тәжірибе бөлімінің әдіскерлері Артыкова Л.А., Батанова А.Е.