«Сені сындырмай тұрғанда, темекіні сындыр» тақырыбында  дәріс

Без рубрики
Бөлісу

2018 жылдың 21 – ші қараша күні, сағат: 10.00-де «Ыстық қайрат, нұрлы ақыл,  жылы жүрек» атты психологиялық апталық аясында өткен наркопост бекетімен бірлесе отырып, «Сені сындырмай тұрғанда, темекіні сындыр» тақырыбында студенттерге арналған дәріс өтілді.
Жауаптылар колледж психологтары: А.Н. Оскенбаева мен Н.Е. Мұхамодиева, наркопост бекетінің төрайымы: Г.Е. Қалтаева.
Шақыртылған маман дәрігер нарколог: А.А Ниязалиева.
Студенттерге темекінің адам өміріне қаншалықты зиян екенін бейнероликтер арқылы көрсете білді және түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Студенттер тарапынан сұрақтар қойылды және арнайы шақыртылған маман толық әрі мысалдар арқылы жауап бере білді.