«Өсетін елдің қарты қазына болар» дегендей Жамбыл жоғары медициналық колледжі 2023 жылдың қорытындысы бойынша коллледждің «Асыл қазынасы» номинациясымен ардақты ардагер ұстаздарды Қоңырова Самиха Қоңырқызы мен Мырзагулова Жанат Бекмухановнаны Жаңа жыл мерекесімен құттықтап, колледж ұжымы атынан сыйлықтар тапсырды. Қарияларымыз ескі мен жаңа заманның арасын жалғаған алтын көпірдей. Қажыр-қайраты мен күш-жігерін колледждің өркендеуіне арнаған, ерен еңбектің үлгісін көрсеткен асыл қазыналарымызға зор денсаулық, отбасыларына амандық, толағай табыс тілейміз!