«Шексіз диалог: медициналық білім берудегі Қазақстан-Түркия»

Бөлісу

«Ұстаз – ұлттың шамшырағы, елінің арқа сүйер асыл тұлғасы»
«Алты Алаштың баласы бас қосса, төр – мұғалімдікі» деген даналық сөз ұстаздықтың қоғамдағы мәртебесін айшықтайды. Осы ұлық ұғымды дәріптеу мақсатында 2025 жылдың 2 қазанында Түркия елінен келген әріптестердің қатысуымен «2 қазан – Қазақстандағы техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары қызметкерлері күні» мерекесіне орай салтанатты іс-шара өткізілді.
Аталған мерекелік жиынның құрметті қонақтары – бауырлас түрік халқының өкілдері болды. Қазақ халқының өнері мен қонақжайлылығына тәнті болған Түркиялық қонақтар екі ел арасындағы білім саласындағы ынтымақтастықтың болашағы зор екендігін атап өтті. Олар оқу орындарының мүмкіндіктерін, мәдени және рухани құндылықтардың жақындығын айта келіп, медициналық білім беру, тәжірибелік дағдыларды қалыптастыру және кәсіби шеберлікті арттыру бағытында екіжақты әріптестіктің маңызын ерекше атап өтті.
Бұл мерекелік шара ұстаздарға деген шынайы құрмет пен алғыс сезімін паш етіп қана қоймай, халықаралық деңгейдегі достық байланыстардың да нығая түсуіне ықпал етті.
Іс-шараны колледждің Студенттік Парламенті ұйымдастырып, ұстаздар қауымына мерекелік көңіл-күй сыйлады.